Басты бет › Кәсіпорында Аспаз күні атап өтілді

Кәсіпорында Аспаз күні атап өтілді

Кәсіпорында Аспаз күні атап өтілді Кәсіпорында Аспаз күні атап өтілді Кәсіпорында Аспаз күні атап өтілді Кәсіпорында Аспаз күні атап өтілді Кәсіпорында Аспаз күні атап өтілді Кәсіпорында Аспаз күні атап өтілді

Қоғамдық тамақтандыру қызметі жұмыскерлерінің еңбегі Қазақстан Республикасы Құрылтайының жұмыскерлері мен қонақтарына сапалы қызмет көрсетуде маңызды рөл атқарады. Олардың кәсіби шеберлігі, аспаздық өнері мен өз ісіне жауапкершілікпен қарауы дайындалатын тағамдардың сапасы мен тамақтандыру қызметін жоғары деңгейде ұйымдастырудың кепілі болып табылады.

Аспаз күні қарсаңында Кәсіпорын басшылығының бастамасымен қоғамдық тамақтандыру қызметінің жұмыскерлеріне арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара аясында кинотеатрға бару және марапаттау рәсімі өткізілді.

Бұл іс-шара жұмыскерлердің адал еңбегіне, ортақ іске қосқан үлесіне және өз кәсібіне деген адалдығына көрсетілген құрметтің белгісі болды. Сондай-ақ Кәсіпорын қызметінде маңызды орын алатын қызметкерлерге алғыс білдіруге мүмкіндік берді.