2026 жылғы 14 қарашада «Абырой» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жүйесіне қарасты ұйымдардың жұмыскерлері арасында волейболдан турнир өтті.
Жарысқа Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің (ШҚД) командасы құрамында Кәсіпорын жұмыскерлері қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізуге өз үлестерін қосты. Турнир қорытындысы бойынша ШҚД командасы жүлделі II орынды иеленді.
Турнир барысында қатысушылар спорттық шеберліктерін, мақсатқа ұмтылысын, ұйымшылдығын және жеңіске деген жігерін көрсетті. Үйлесімді ойын мен өзара қолдаудың арқасында команда лайықты нәтижеге қол жеткізді.
Осындай спорттық іс-шараларды өткізу салауатты өмір салтын насихаттауға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жүйесіне қарасты ұйымдардың жұмыскерлері арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға ықпал етеді.
Кәсіпорын жұмыскерлерін табысты өнер көрсетуімен құттықтай отырып, алдағы уақытта спорттық жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!