МТҚБ әкімшілік ғимараттары дирекциясының жастар мен жаңа жұмысшыларға тәлімгерлік жүйесін ұйымдастыру тәжірибесі үздік деп танылды. Бұған ПІБ құрылымының ведомстволық бағынысты ұйымдарының есептік кеңесінде жоғары баға берілді.
Тәлімгерлік институты – «МТҚБ ӘҒД» РМК кадр саясатының маңызды элементі. Біздің Кәсіпорында тәлімгерлікке өте байыпты қарайды және ұйымдық мәселелерді шешудің ең тиімді құралдарының бірі болып саналады.
Тәжірибелі тәлімгер жаңа қызметкерлер мен жас мамандарға 3 айға дейін тағайындалады. Ол бейімделуге көмектеседі, жұмыста қолдау көрсетеді, кәсіби қызметте кеңес береді, алған тәжірибесі мен білімін береді және ең бастысы табысқа жетуге ынталандырады. Сонымен қатар, тәлімгер қамқорлығына алған «жаңадан келген адамның» жетістіктерін және оның Кәсіпорын жұмысына қосқан еңбек үлесін бағалайды. Бейресми жарыс тәлімгерлердің өздері арасында өтеді. Олар үшін материалдық ынталандыру да бар.
Мұндай тиімді жүйені Әкімшілік ғимараттар дирекциясы құра алды.
«Маған жұмысымның бұл бөлігі өте ұнайды. Мен әрқайсысымен сөз табысуға тырысамын. Жұмысшылар мен тәлімгерлерді оқыта отырып, олармен бірге өзім үйренемін. Кейде сөздің байыбына жету қиын, бірақ әрқашан қызықты», - деп мойындайды Кәсіпорынның бас тәлімгері Давыд Анатольевич Крекер. Айтпақшы, бас тәлімгердің лауазымы – бір жылға сайланбалы. Бұл лауазымға ұжым үздіктерді таңдайды.
Тәлімгерлердің жұмысы туралы бейнені қараңыз.