Бүгін МТҚБ ӘҒД ұжымы үшін ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы мен АЭС салу бойынша алдағы референдумға түсініктеме берілді.
Парламентаризм институтының атқарушы директоры Алмас Қанатов қызметкерлерді Жолдаудың негізгі ережелерімен таныстырып, ел депутаттарының осы бағытта жүргізіп жатқан заң шығару жұмыстары туралы айтты.
«Қазақстанның атом саласын дамыту» тақырыбында атом электр станциясын салу бойынша алдағы референдумға дайындық аясында еңбек ұжымы алдында ядролық физика институтының физик-инженері Мәлік Қалиақперов таныстырылым өткізді. Өз сөзінде ол ел болашағы үшін АЭС құрылысының маңыздылығы, экологиялық қауіпсіздігі және экономикалық тиімділігі туралы айтып, жиналғандардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Іс-шараны қорытындылай келе, МТҚБ ӘҒД директоры Айдар Конкаев алдағы референдумның маңыздылығын атап өтіп, қызметкерлерді ел болашағы үшін маңызды оқиғаға белсенді қатысуға шақырды.