Кәсіпорын қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға және олардың денсаулығын сақтауға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде жүзеге асыруда. Осындай шаралардың бірі - Түркістан облысында орналасқан «Әсел» шипажайына 40 қызметкерге демалыс және санаторийлік ем қабылдау үшін жолдама беру.
Шипажайда болған кезеңде қызметкерлер медициналық тексеруден өтіп, мамандар тағайындаған емдік шаралар кешенін алды. Сонымен қатар, шипажайдың қолайлы жағдайлары таза ауада серуендеуге және өңірдің табиғи байлықтарын, соның ішінде әйгілі «Сарыағаш» минералды суын пайдалануға мүмкіндік берді.
Қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға қолайлы жағдай жасау - Кәсіпорынның әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі. Мұндай іс-шаралар кадрлық әлеуетті нығайтуға, еңбекке деген ынтаны арттыруға және корпоративтік мәдениетті дамытуға ықпал етеді.