Қазақстан Республикасы Парламентінің өндірістік-пайдалану кәсіпорны Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі төрағасы орынбасарының 1993 жылғы 21 сәуірдегі № 21 өкіміне сәйкес құрылды.
Сонымен қатар, кәсіпорынды бастапқы мемлекеттік тіркеу 1993 жылғы 30 сәуірде жүргізілді,
кәсіпорынның Ақмола қаласында Қазақстан Республикасының Парламентімен бірге орналасуы 1997 жылғы желтоқсанда орын алды.
- Қазақстан Республикасы Парламентінің Өндірістік-пайдалану кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 33 «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелері» қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қайта құрылды;
- «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасының жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 310 қаулысына сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қайта құрылды;
- «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасының асханасы» РМК және «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасының қызметтік тұрғын үйді пайдалану дирекциясы» РМК «Шаруашылық басқарудың жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1302 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК-на қосылып, қайта құрылды;
- «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 886 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК шаруашылық жүргізу құқығындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК болып атауы өзгертілді.
Бүгінгі таңда біз Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымымыз. Кәсіпорынның басты міндеті депутаттар мен ҚР Парламенті аппараттары қызметкерлерінің қызметін материалдық-техникалық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық тамақтану, құжаттарды тираждау және баспа өнімдерін дайындау саласында қызметтер көрсету болып табылады.
Бұдан басқа, кәсіпорын қызметтік тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсетуді және пайдалануды жүзеге асырады, техникалық жабдықтардың, инженерлік желілер мен жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қызмет көрсетілетін үй-жайларды қажетті жиһазбен, кеңсе және тұрмыстық техникамен, оның ішінде тұрмыстық заттармен жабдықтайды.